Қазақстанда жол ережесін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жазаны күшейтпек

Сурет: Zakon.kz
Кейінгі бес жылда елімізде 75 мың жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі - ЖКО) тіркелген. Онда 100 мыңға жуық адам зардап шеккен. Апаттардың төрттен бірі жылдамдық режимінен асып кету салдарынан болды.
Көбіне жаяу жүргіншілердің өзі көлік оқиғаларына кінәлі болады. Биылдың өзінде 233 ЖКО болып, 40 адам қаза тауып, 155 адам түрлі жарақат алды. Ахуал жол инфрақұрылымының жеткіліксіздігімен, әсіресе қала маңындағы жолдардың, сапасыз және жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен күрделене түседі. Мысалы, Қарағанды – Балқаш тас жолының учаскесін (ұзындығы 362 км) реконструкциялаудың ұзақ уақытында 2019 жылдан бері 99 ЖКО болды.

28 қыркүйекте Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және арттыру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігі бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдеріне бейінді министрліктермен бірлесіп қосымша жаяу жүргіншілер өткелдерін салу мәселелерін пысықтау, қажет жол белгілерін орнатуды және жол құқық бұзушылығын тіркейтін автомат камералар желісін кеңейтуді қамтамасыз ету ұсынылды. Оқушылар үшін қауіпсіз орта құруға ерекше назар аударылмақ.

"Ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінің тізілімін жасау, проблемалардың тізбесін айқындау және оларды дәйекті шешу ұсынылды. Ережелерді өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" ҚР кодексіне түзетулерді пысықтау туралы мәселе көтерілді", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды