Жамбыл облысында екі күнде 88 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды
Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері екі күнде 254 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Көші-қон заңы талаптарын бұзған 88 шетел азаматы елден 5 жыл мерзімге әкімшілік жолмен шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар жедел іс-шара кезінде халықаралық іздеуде жүрген бес шетел азаматы анықталды.
Шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзуына жол берген 57 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы қолданылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ескерту: "Заңсыз келуші - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 қазанға дейін жалғасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript