Маңғыстау облысында 400-ден астам шетелдік ел аумағынан шығарылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 10:27 Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2 401 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 442 адам ел аумағынан шығарылды.

Өңірде бүгінде 15 734 шетелдік азамат тұрақты тұрып жатыр. Есепті кезеңде 509 адамға тұрақты тұруға рұқсат беріліп, дәл осынша адам Қазақстан азаматтығына қабылданды.

Құжаттандыру бағытында 30 918 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сонымен қатар 11 мыңнан астам шетелдік уақытша тіркеуге алынды.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзу деректері бойынша жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталды.

Полиция заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмысты күшейтілген режимде жалғастырып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: