Атырауда заңсыз жүрген 15 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Атырауда заңсыз жүрген 15 шетелдік ел аумағынан шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2026 22:57 Сурет: polisia.kz
Атырауда полиция қызметкерлері көші-қон заңын бұзған бір топ шетелдікті мәжбүрлі түрде ел аумағынан шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында соттың ел аумағынан тысқары шығару туралы шешімін өз еркімен орындамаған 15 шетелдік мәжбүрлі түрде Қазақстан Республикасынан шығарылды.

"Заң бұзған шетелдік азаматтар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан "Тәжен-авто" бақылау-өткізу бекеті арқылы ел аумағынан тысқары шығарылды",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, оларға Қазақстанға 5 жыл мерзімге кері кіруге тыйым салынғаны атап өтілді.

Бұған дейін Грузияда Қазақстан азаматы ірі мөлшерде есірткімен ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: