Астанада көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2025 11:05 Фото: Zakon.kz
Елордада полиция көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

Бұл бағыттағы іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген немесе болу және еңбек қызметі шарттарын бұзған шетелдік азаматтарға қатысты тиісті шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда, көші-қон бақылауы барысында Федеративтік Нигерия Республикасының 40 жастағы азаматының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде оның елордадағы жеке фитнес-залдардың бірінде тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны белгілі болды.

Аталған құқық бұзушылық үшін шетелдік азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін тиісті шаралар қабылданды. Сот шешімімен құқық бұзушы ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды.

Полиция көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік азаматтарды заңсыз еңбекке тартқаны үшін айыппұл және ел аумағынан шығару секілді өзге де жауапкершілік шаралары көзделгенін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: