Түркістанда жолаушылар автобусы үйдің қабырғасына соғылып, бірнеше адам зардап шекті

Сурет: pixabay
2023 жылы 18 қазанда таңертең Түркістанда жолаушылар автобусы үйдің қабырғасына соғылды. Зардап шеккен жолаушыларға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, Hyundai Accent көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысқан, сол кезде соңғысын жекеменшік үйдің қабырғасына соғылған.

"Апат салдарынан автобустың бірнеше жолаушысы жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, үйде қарт адам болған. Оның денсаулығына зақым келген жоқ". Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Сондай-ақ, қазіргі уақытта аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-ның 345-бабы, "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны нақтыланады. 

Орын алған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, - дейді полициядағылар. 

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды