Шахтадағы апатқа байланысты Лакшми Миттал жауапқа тартыла ма – Әділет министрлігі жауап берді

Сурет: Zakon.kz
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова 31 қазанда Мәжіліс кулуарында "Үндістандық кәсіпкер Лакшми Миттал Костенко атындағы шахтадағы қайғылы жағдайға байланысты жауапқа тартылуы мүмкін бе?" деген сұрақ төңірегінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер одан инвестордың трагедияға қатысты жеке жауаптылығына құқық тұрғысынан баға беруін сұрады.

"Бұл факті бойынша тергеу органдары тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға жауапты тұлғалармен жұмыс жүргізіліп жатқаны белгілі. Қайғылы оқиғаны тудырған әрекеттерде құқық бұзушылық белгілері болса, нәтижесіне қарай нақты айтуға болады. Әрине, жауапкершілік бар. Бірақ оның қандай сипатта болатыны тергеу қорытындысы бойынша анықталады".Алма Мұқанова

Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер бөле қарастырылмайтынын еске салды. Әр бір адам дәлелденген қылмыс жасағаны үшін заң бойынша жауап береді.

28 қазанға қараған түні Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғадан кейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының меншік құқығын Қазақстанға өткізу туралы шешім қабылданды. 252 адам орналасқан шахтада газ жарылды. 206 кенші сыртқа шығып үлгерді, қалғандары қаза тапты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек