Алматы облысында пәтерді жалға берудің алаяқтық схемасы әшкере болды

Сурет: polisia.kz
Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны жылжымайтын мүлік саласында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция осындай алаяқтық жолмен күдікті кем дегенде 15 адамды алдап үлгерген деп санайды.

"1985 жылғы К. есімді әйел тұрғын үйді жалға беру бизнесімен айналысқан. Пәтер жалдаған. Меншік иелерімен келісімшарт жасалғаннан кейін пәтерді басқа адамдарға "ұзақ уақытқа жалға берген". "Пәтер иесінің" жалғыз шарты - алдын ала төлем жасау немесе тұру ақысын толықтай төлеу. Ал сұралатын ақы көлемі 150-ден 400 мың теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Жедел уәкілдер бұл қылмыстарды жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Бірқатар алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталған азаматша осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін