Мемлекеттік қызметкерлерге ойын мекемелеріне баруға тыйым салынды

Сурет: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 2 қарашадағы кейбір жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыcына толықтыру енгізілді.

Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, әскери қызметші ойын мекемесіне барудан тартынуға тиіс.

Дәл осындай түзету мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексіне енгізіледі.

Жарлық 2023 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды