Тоқаев Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Келісім құрылатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының мақсаттарын, мәртебесін және міндеттерін айқындайды. Компанияның функцияларын және Жарғылық капиталға қатысу үлестерін төлеу тәртібін бекітетін компанияның Жарғысы келісімнің ажырамас бөлігі саналады. Аталған компания тиісті мәселелерді шешуге көмектесу үшін құрылған, яғни өзара сауда және инвестициялар көлемін ұлғайтуға, компанияға қатысушы мемлекеттер арасындағы экономикалық интеграцияны дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және мүше мемлекеттердің үшінші елдермен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге бағытталған", - деді 2023 жылы 19 қазанда Сенат отырысында сенатор Серік Шайдаров.

Қазақстанның үлесі – 20%. Арменияның үлесі – 3%, Қырғыз Республикасы – 2%, Беларусь – 30%, России – 45%.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.

Қазақстан
ЕАЭО

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

"Барыс" құрамасының экс-қорғаушысы Жоғары хоккей лигасындағы алғашқы ұпайын жинады