БҚО әкімі қол астындағы адам жемқорлықпен ұсталған кезде неге отставкаға кетпегенін айтты

Сурет: akorda.kz
14 қараша күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмысынан кейін неліктен қызметінен кетпегенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нариман Төреғалиев өзінің орынбасары Ержан Балтаевты сотқа дейін-ақ жұмыстан шығарғанын айтты.

"Әлеуметтік желіде ақпарат тарап кетті. Мен өз орынбасарыма (Ержан Балтаев. – Ред.) телефон соғып, оның жеке өзінен бұл ақпараттың қаншалықты сенімді екенін сұрадым. Біз комиссия құрдық. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ол түсіндірме хат жазып, өзінің қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғанын мойындады. Осыған байланысты мен оны жұмыстан, яғни сотқа дейін шығардым".Нариман Төреғалиев

Әкім мемлекеттік саяси қызметкер тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса, қызметінен кететінін түсіндірді. Ержан Балтаев қылмыс жасаған кезде Нариман Төреғалиевтің әкім болып отырғанына екі айдан сәл астан. Ол 2022 жылдың 2 желтоқсанында тағайындалған, ал қылмыс ақпан айында жасалған.

2023 жылдың шілде айының соңында әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. 3 тамызда облыс әкімінің баспасөз қызметі шенеунікті "міндеттер мен шектеулерді сақтамағаны үшін" қызметінен босатылғанын хабарлады.

Ержан Балтаев пен "SPK Aqjaiyq" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Артур Досқалиевке қатысты қылмыстық іс 2023 жылдың 16 тамызында аяқталды. Сот айыпталушыларды қызмет бабын асыра пайдаланды деп тапты. Олардың әрекетінен мемлекетке 1,9 млн теңге келтірілген. Сот үкімімен Ержан Балтаевқа 2500 АЕК (8,6 млн теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Артур Досқалиев 1000 АЕК (3,4 млн теңге) көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болды, сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

12 қыркүйекте Ержан Балтаев үкімге аппеляциялық шағым түсірген. Бірақ кейін әкімнің экс-орынбасары мен оның адвокаты шағымды кері қайтарып алып, оны қараусыз қалдыруды сұраған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты