Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған апалы-сіңлілі қыздар іздестіріліп жатыр

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысының полицейлері Қобда ауданы Бесқұдық ауылында із-түзсіз жоғалып кеткен апалы-сіңлілі Қалиеваларды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір полициясының мәліметінше, жоғалған қыздардың бірінің жасы 14-те, екіншісі - 15-те. 

Калиева Назым - басында қоңыр түсті орамалы бар, тізеге дейін түсетін қоңыр күрте, аяғында қара түсті етік, шашы ұзын қара түсті, бойы шамамен 168-170 см, дене бітімі арық.        

Калиева Диляра - тізеге дейін түсетін сұр түсті күрте, аяғында қара түсті етік, шашы қоңыр, бойы шамамен 160-173 см, арық денелі. Екеуінің де қолында рюкзак бар.        

"Жоғалған кәмелетке толмағандарды іздеуге Ақтөбе облысы ПД жеке құрамы және Zello Poisk еріктілері жұмылдырылды", делінген полиция хабарламасында.     

Құқық қорғау органы қандай да бір ақпарат болса 102 немесе 8-776-546-66-66 телефондары арқылы хабарласуды сұрайды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда 230-дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалды

Қазақстанда скринингтен қашан және қалай өтуге болады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Алматыда жаңа базар ашылады