Қарағандыда 63 млн теңгені жымқырған хакер ұсталды

Қарағанды полициясы қаладағы мекемелердің біріне хакерлік шабуыл жасады деген күдікпен Теміртау қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысында телефон және интернет-алаяқтарына алданған азаматтардың саны жыл басынан қарағанда азайды. Төртінші тоқсанда алаяқтардың құрбаны болған жәбірленушілердің барлығы алаяқтардың айла-тәсілдерінен хабардар болған, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Мәселен, Қарағанды қаласында алаяқтың құрбаны болған жәбірленушіден жауап алу барысында ол: “Мен алаяқтардың қандай тәсілдермен азаматтарды алдайтынынан хабардар болдым. Бұл туралы бірнеше рет телеарналардан да ақпараттар берілді. Алайда бұның маған қатысы болмайды деп ойладым”, – деді. Қазіргі уақытта республика бойынша телефон және интернет-алаяқтығының алдын алу іс-шара өткізілуде.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 қарашада Қарағанды полиция басқармасының "Киберпол" қызметкерлерімен қаладағы мекемелердің біріне хакерлік шабуыл жасаған Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол вирусты бағдарламаларды пайдалану арқылы мекемеден 63 млн теңге ақша жымқырған.

"Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Айта кетсек, алдында Қазақстанда кибершабуылдар саны 2023 жылдың басынан бері 56%-ға өскені хабарланған. Хакерлік шабуылдардың басым бөлігі компьютерлерге зиянды вирустарды, желілік "құрттар" мен трояндарды жолдайды. 


Қарағанды Алаяқтардан сақ болыңыз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: