Ақтөбеде түнгі клубтағы екі кісінің өлімі бойынша 16 адам сотталды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде 21 қарашада "Миллиардер" түнгі клубында екі кісіні өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотта 16 адам айыпталды: клубты жалға алушы, қалғандары күзетшілер мен олардың таныстары. Сот оларды 2 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды.

"Клубтың 13 күзетшісіне және олардың екі танысына әртүрлі баптар бойынша айып тағылды: кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, адам ұрлау, бұзақылық. Сот оларды 2 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.Түнгі клубты жалға алушы – қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, қос кісі өлтіру фактісі өткен жылдың қазан айында "Миллиардер" түнгі клубында тіркелді. Төрт ер адам Ақтөбеге Темір ауданынан армрестлингтен жарысқа қатысу үшін келген. Кейінірек олар түнгі клубқа барған, мұнда олар мекеме күзетшілерімен сөзге келіп, арты пышақтасуға ұласқан. Салдарынан мемлекеттік айыптаудың мәліметінше, клубқа келген екі азаматты күзетшілер мен олардың таныстары ұрып өлтірген. Қалған екі келушіні олар қаланың шетіне апарып тастау үшін көліктің жүксалғышына салған, алайда олар жүксалғыштан қашып шыққан. Ал көз жұмғандардың денелері қала сыртындағы Тропикана жағажайында ағаштардың арасынан табылды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды