СҚО-да баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
8 қарашада Петропавл қаласы Васильева көшесі бойында белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған төртінші сынып оқушысын көлік қағып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан жасырынған. Балаға медициналық көмек қажет болған Zakon.kz.

Екі күндік қызу жұмыс нәтижесінде тәртіп сақшылары Toyota автокөлігін және оның 33 жасар жүргізушісін анықтады. Ол Петропавл қаласы тұрғыны болып шықты. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 61-бабы 2-бөлігі (Тұлға әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелетiн мерзiм) бойынша іс жүргізіліп жатыр.

"Жыл басынан іздестіру тобымен түрлі жол оқиғаларына себепші болған және ЖКО орындарын тастап кетпеу туралы талаптарды бұзған 80 жүргізуші анықталды. Бұл оқиғалардың ішінде 1-денсаулыққа жеңіл зақым келтірілген, 1-денсаулыққа ауыр зақым келтірілген, 1-адам өліміне әкеп соқтырған", – дейді СҚО ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.


Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін