Қазақстанда елді мекендердегі автобустардың жылдамдығы шектелмек

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі Жол қозғалысы ережелеріне түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, өзгерістер елді мекендердегі көлік қозғалысына әсер етеді. Елді мекендерде көліктер жылдамдығы сағатына 50 км-ден аспауы керек.

Түзетуде мына қозғалыстарға рұқсат етілген:

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бұл норма автобустар ұшырайтын апат пен ондағы зардаптың ауырлығы едәуір артқанына байланысты енгізіліп отыр.

"Бұл стандартты енгізу жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін жақсартып, автобустардың жол-көлік апатына түсу санын азайтуға мүмкіндік береді. 50 км/сағ жылдамдықта өлім-жітім және жарақаттану деңгейі айтарлықтай төмендейді. ДДҰ статистикасы бойынша, жылдамдықты 50 км/сағ-қа дейін төмендету апат кезіндегі өлім ықтималдығын 25%-ға азайтады және тірі қалу мүмкіндігін арттырады", – делінген Ішкі істер министрлігі хабарламасында.

Құжат 14 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады - синоптиктер

"Ректор гранттары". Отандық ЖОО-лар қанша өзіндік білім беру грантын ұсынды

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады