Алматыда қылмыс жасады деген күдікпен хостелді жалға беруші ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Арнайы прокурорлар "Алматы Хостел" ғиратындағы өрт фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісіп кетті. 2023 жылы 1 желтоқсанда Бас прокуратура құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы 30 қарашада "Алматы Хостел" ғимаратындағы өрт оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі, "Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Бас прокурордың тапсырмасына сәйкес қылмыстық іс арнайы прокурордың іс жүргізу өндірісіне қабылданды. Құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өрттің шығу себебі мен алғышарттарын анықтау мақсатында оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып, өзге де жедел-тергеу іс шаралары ұйымдастырылуда. Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға беруші Мухамедъяров А.  прокурорлармен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Тергеу аясында хостелдің қызмет көрсетуіне қатысы болған барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қылмыстық іс тергеуі Бас прокурордың бақылауында екендігі де нақтыланады.

Айта кетсек, қайғылы оқиға 30 қарашада таңертең Әди Шәріпов көшесінде болды, өрттен 13 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың төртеуі – шетелдіктер (Ресей азаматтары – 2, Өзбекстан азаматтары – 2), тоғызы – қазақстандықтар.

Оқиға орнында болған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев хостелдің заңсыз жұмыс істегенін атап өтті. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: дүкенді пайдалану және қызмет көрсетуге арналған. 

Оқыс оқиғаның нақты себебін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады