Қорғалжын қорығында 700 жылқы заңсыз жайылып келген. Кінәлілер жазаланды

Сурет: pixabay
Ақмола облысының прокуратурасы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары мен басшылығы ерекше қорғалатын аумақтың күзету режимін бұзғаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, ерекше қорғалатын аумақта заңсыз шөп шабу және мал жаю басшылықтың келісімімен тікелей қорықтық режимді қорғауға уәкілетті тікелей қорық инспекторларымен ұйымдастырылған. Соның салдарынан қорыққа айтарлықтай шығын келтірілген.

"Қорық аумағына инспекторлардың жақын туыстарына тиесілі 700-ден астам жылқы жіберілген. Қорықтық режимді бұзғаны және өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны үшін 3 инспектор, оның ішінде табиғи кешендерді қорғау бөлімінің басшысы қызметтерінен босатылды", делінген прокуратура хабарламасында.

Қорықтың басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқаны да нақтыланады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы