Сенат зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтін қазақстандықтарды қолдауға бағытталған түзетуді мақұлдады

Сурет: pixabay
Сенаторлар қоғамдық бірлестіктер мен еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енгізілген арнаулы әлеуметтік төлем бойынша жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында тең бөлінеді.

"Зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларды әлеуметтік қолдау шараларымен қатар, 2015 жылдан бері жалғасып келе жатқан регрессорлар мәселесі де шешімін табады. 2015 жылдың 10 мамырында заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген еді. "Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" сақтандыру төлемінің мерзімін шектейтін зейнеткерлік жасына байланысты, 2015 жылдың 10 мамырына дейін кәсіптік еңбекке қабілетін жоғалтқан азаматтарға сақтандыру төлемдері зейнеткерлік жасқа дейін шектелді. Заңда 2015 жылдың мамырына дейін зардап шеккен және қайта тексеруден өткен тұлғаларға сақтандыру төлемдерінің мерзіміне сәйкес өмір бойы төлемақы ұсынысы қаралып жатыр", - деп түсіндірді сенатор Руслан Рүстемов.

Заңда қоғамдық бірлестіктердің мәселелері де қарастырылған.

"Жаңашылдық – қоғамдық бірлестіктерді тіркеуге бастамашы азаматтардың санын оннан үшке дейін қысқарту. Сонымен қатар өзгерістер саяси партиялардың, кәсіподақтардың және діни бірлестіктердің қызметіне әсер етпейді".Руслан Рүстемов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды