Ақтауда экс-прокурор төбелесіп, адам өлтірді деген күдікке ілінді

Сурет: gov.kz
Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, 10 желтоқсанда Ақтаудағы барлардың бірінде төбелес болған. Төбелес кезінде жарақат алған ер адам 15 желтоқсанда көз жұмды. Бұрын прокуратурада жұмыс істеген күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі, "Жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша айып тағылды.

Сот санкциясымен құзырлы ведомствоның бұрынғы қызметкері қамауға алынған. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады.

"Күдікті соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деп хабарлайды қадағалаушы орган.

Айта кетсек, екі апта бұрын Ақтауда жергілікті полиция қызметінің бастығы және құқық қорғау органдарының тағы бір қызметкері ұсталған болатын. 26-27 қарашаға қараған түні ойын-сауық орындарының бірінде төбелес болған. 

Маңғыстау облысының полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынғанын, сондай-ақ екі қызметкер жұмыстан шығарылғанын растап, күдіктілердің аты-жөні мен лауазымдарын атаудан бас тартқан.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді