ҚР СІМ: Алдағы уақытта Вьетнаммен арада визасыз режим күшіне енеді

Сурет: pixabay
2023 жылы 25 желтоқсанда өткен арнайы баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим жақын күндері іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қажетті рәсімдерді аяғына жеткізу қалып тұр. 

"Алдағы уақытта қос тарап мемлекетішілік процедураны аяқтаған соң, Вьетнаммен арада визасыз режим күшіне енеді". Айбек Смадияров

Қазақстан мен Вьетнам өзара визасыз режимді енгізуді жоспарлап отырғаны туралы 2023 жылы 15 маусымда белгілі болды.

"Екі тараптың келісіміне сәйкес, Қытай және Қазақстан азаматтары көрші елде шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін визасыз бола алады. Жалпы 180 күн ішінде визасыз 90 күннен артық жүре алмайды", делінген құжатта.

20-22 тамыз аралығында Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті Ван Тхуонгтың шақыруымен Ханойға ресми сапармен барды. Қазақстан Президентінің Вьетнамға сапарының қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике жарияланды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр