Ақмола облысында қолға алынған ірі туристік инвестжоба жер мәселесіне келгенде іркіліп қалған
Сурет: pexels
Ақмола облысы, Ақкөл ауданында 40 қонақ үй, 53 вилла және 120 орындық қонақ үй кешенін салуды көздейтінін ірі инвестициялық жоба жер мәселесіне келгенде іркіліп, бұл іске облыстық прокуратура араласты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 26 тамызда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады:
"Тексеру барысында елдімекеннің шекарасын белгілеу және тиісті мәліметтерді Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына енгізу рәсімдерінің аяқталмауына байланысты жер-құқықтық кедергі анықталды. Облыс прокуратурасының бастамасымен мәселе шешімін тапты. Қажетті жер-құқықтық рәсімдер жүргізіліп, инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға кедергілер жойылды".
Аталған жоба аясында кейінгі кезеңдердегі инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асатыны, шамамен 240 жұмыс орнын құру жоспарланғаны да нақтыланады.
Инвестициялық жоба толық іске асырылғанға дейін облыс прокуратураның сүйемелдеуінде болатыны да ескертіледі.
Бұған дейін Ақтауда бір кәсіпкер ісін дөңгелету үшін мемлекеттен алған 117 млн теңге субсидияны депозитте сақтағаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript