Жеке куәлік пен төлқұжат: 2024 жылы құжаттар қанша тұрады

Сурет: pexels
Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік беру ақысы өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты құжаттарды ресімдеу қымбаттады (2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК 3692 теңге. 2023 жылы 1 АЕК 3450 теңге болған).

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлемі 24 беттік төлқұжат бергені үшін мемлекеттік баж салығы 4 АЕК (16 жасқа дейінгі балалар үшін 14 768 теңге), 48 бет - 12 АЕК (44 304 теңге) болды.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бір жылда екі реттен астам жоғалтуына байланысты бергені үшін – 1 АЕК (3692 теңге). Сонымен қатар 24 және 48 беттік төлқұжаттардың үлгілері енгізілген.

Биылдан бастап бұл құжаттарда 16 жасқа толған және одан жоғары құжат иесінің, сонымен қатар "Саусақ ізі және геномдық тіркеу туралы" заңда белгіленген жағдайларда 12 жастан 16 жасқа дейінгілердің саусақ іздері болады.

Паспорт пен жеке куәліктің жарамды мерзімі – 10 жыл. Жеке куәлік пен төлқұжаттарды терминалдардан алуға да болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді