Прокурорлар мас жүргізушілердің әкімшілік қамауға алудан жалтару схемасын анықтады

Сурет: freepik
Жетісу облысының прокурорлары мас күйіндегі көлік жүргізушілерін ұстау кезінде әкімшілік қамауға алынбау мақсатында медициналық және басқа да құжаттарды бұрмалау фактілерін анықтаған.

Екі жағдайда әйелдер сотқа жалған анықтамалар мен жүктілігі туралы ультрадыбыстық қорытынды берген. Мұндай жалған құжаттарды пайдалану Кодекстің 50-бабына сай оларды қамауға алуға мүмкіндік бермейді.

Тағы да бір мысал: кәмелетке толмаған баласының бар екенін көрсеткен жалған құжаттарды сотқа ұсынған аудан әкімдігінің бір бөлім басшысының әрекеті.

Аудандық сот осы анықтама негізінде оны қамауға алудан босатқан. Прокуратураның тексеруі оның уәжін жоққа шығарды. Ол берген деректі тексергенде оның кәмелетке толмаған баласы мүлде жоқ болып шыққан.


"Барлық сот шешімі прокурордың өтінішімен қайта қаралып, қамауға алу түріндегі жаза қолданылды. Уәкілетті органдар ресми құжаттарды қолдан жасау фактілері бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деді облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін