"Сергек" уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты жол тәртібін бұзу дерегін қате тіркеген

Сурет: Zakon.kz
Өскемен қаласының тұрғынына белгілі бір уақыт шектеуі бар жерде жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда ер адам бұл учаскені таңғы 7:23-те басып өткенін айтады. Ал Абай даңғылында сағатына 40 шақырым жылдамдықты сақтауды талап ететін жол белгісі сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін күшіне ие, деп жазады Устинка.

Автокөлік жүргізушісі жұмысқа келген кезде өзіне сағатына 20 шақырым жылдамдық асырғаны үшін 18 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынғанын біледі. 

Жүргізуші жол полициясы қызметкерлеріне және "Сергек" кеңсесіне көмекке жүгінді. Алайда олар оған көмектесе алмайтынын айтқан, деп жазады басылым.

Полициядағылар бұл уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты орын алған техникалық ақау екенін, қазіргі уақытта аталған кемшілік жойылғанын жеткізді.

"Түзетулер жүргізілгеннен кейін аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар автоматты режимде жойылады", - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.


Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген рас па - түсініктеме

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Астана медицина университетіне академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысына су беру туралы келісімге келді