Павлодарда мысыққа сірке қышқылын шашқан азамат сотталды

Сурет: pexels
2024 жылы 5 наурызда Павлодар қаласының № 2 сотында мертігуге әкеліп соқтырған жануарhға қатыгездік таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 2023 жылдың 23 қарашасында азамат К. интернеттен егер мысыққа сірке қышқылын шашсаңыз, сол орынды оның аяғы екінші рет баспайтынын оқиды. Осыдан кейін ол өз үйінің подъезіндегі үйсіз-күйсіз мысыққа қасақана сірке қышқылын шашқан. Салдарынан мысық мертіккен. 

Сотта сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, құжаттамалық дәлелдемелермен және ветеринарлық дәрігерлердің қорытындысымен дәлелденді.


"К. жасаған әрекет қылмыстық теріс қылықтар санатына жатады және жазаның балама түрлерін қарастырады. Сот жеңілдететін мән-жайларды, яғни сотталушының кінәсін толықтай мойындауы, асырауында екі жас баласының болуын ескере отырып, К-ға 25 АЕК, яғни 86 250 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады", делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі