СҚО-да полицейлер есірткіге елітіп алып, көлік жүргізген жүргізушіні ұстады

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер тас жолда есірткіге елітіп алып, көлік жүргізген жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"13 наурыз күні Көкшетау – Рузаевка автожолында 46 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Audi автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушінің көлікті басқаруы күмәнді көрінгендіктен, полицейлерге оны тоқтатты. Оған медициналық куәландырудан өту ұсынылды. Нәтижесінде ер адамның есірткілік масаң күйде екені анықталды", деп хабарлайды өңірлік ПД.

Ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Облыстық ПД мәліметінше, жыл басынан облыс жолдарында 39 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 7 адам көз жұмды, 65 адам жарақаттар алды. Ал 6 адам қаза тауып, 41 адам жарақаттанған 18 жол апаты республикалық маңыздағы жолдарда тіркелді.


"Екі айдың ішінде облыс аумағында апаттылыққа тікелей әсер ететін жол жүрісі қағидаларының 5 мыңға тарта бұзушылығы анықталды. Әрбір бұзушылық салдары ауыр болатын жол апаттарына алып келуі мүмкін екенін естен шығармаңыздар. Жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін және жол қозғалысының қатысушыларының қауіпсіздігін нығайту үшін күшейтілген жұмыстар жалғасын табады", – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах. 
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды