Бішкекте жазадан қашып, жасырынып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды

Сурет: pxhere
Жазадан жалтарып, қашып жүрген Қазақстан азаматын арнайы жасақ сарбаздар Бішкекте ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Қырғыз Республикасы территориясында ұсталды, деп хабарлайды Бішкектің ішкі істер бас басқармасы.

Экстремизмге және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 427-бабы. "Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтару" бойынша 1993 жылғы Қазақстан азаматы Бішкекте жасырынып жүргені туралы ақпарат алды.

Арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесе отырып, ІІББ-нің жедел уәкілдері ер адамның қай жерде екенін анықтап, ұстады.

Қазақстан азаматы бұрын сырттай сотталып, қамауға алу түрінде белгіленген бұлтартпау шарасы негізінде Бішкектің қамауда ұстау изоляторына тоғытылды. 

Оны экстрадициялау мәселесі кейіннен шешілетіні атап көрсетілген. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактісі бойынша құқықтық бағалау жүргізеді.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі