Алматы облысында 18 жастағы бойжеткен өлі күйінде табылды

Сурет: Zakon.kz
Қонаев қаласында 18 жастағы бойжеткенді қаскөйлердің өлтіріп кеткені туралы әлеуметтік желіде ақпарат пайда болды. Бұл деректі Алматы облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылы 21 наурызда Алматы қаласының полициясына Алматы облысының аумағында кісі өлтіру фактісі туралы хабарлама келіп түсті. Бұл ақпаратты біз дереу тексеріп, нәтижесінде 2006 жылғы қызды өлтіру дерегі расталды. Қонаев қаласының полициясында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған екі күдікті азаматты анықтап, ұстады", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Тергеу барысында күдіктілер 14-15 наурызға қараған түні жас қызды Қонаев қаласының шетінде орналасқан адам жүрмейтін жерге апарып өлтіргені анықталды.

"Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде кісі өлтіруді екі күдікті жасағанын анықталып, олар қамауға алынды. ҚР ҚПК талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды", - деп толықтырды облыстың бас полицейі.

Айта кетсек, 18 жастағы марқұм аспазшы мамандығы бойынша колледжде оқып жүрген.

Әлеуметтік желіде "Не молчи" қоры марқұмның туыстары күдікті төрт адамның Қонаев қаласында тұратынын, олардың жазадан сытылып кету қаупі барын айтқанын жазды. Туыстары келтірген тағы бір мәліметте күдіктілер бойжеткеннің телефоны арқылы несие тіркеп, содан соң оны қала сыртына шығарып, сойылмен ұрып-соққаны туралы факт келтіріледі.  

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі