Қазақстанда адам саудасына қарсы күрестің үш жылдық жоспары бекітілді
Сурет: pexels
Үкіметтің 2026 жылғы 28 қазандағы қаулысымен Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, оларға жол бермеу және қарсы күрес жөніндегі 2027-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоспар бес бағытты қамтитын 32 іс-шарадан тұрады. Олардың қатарында:
- қолданыстағы жоспарды талдау негізінде Қазақстан үкіметінің 2030-2032 жылдарға арналған адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарын қабылдау;
- іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жыл сайынғы жиынтық ақпаратты жариялау;
- Қазақстандағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ахуал мен қабылданып жатқан шаралар туралы тиісті ұсынымдары бар баяндама дайындау және тарату;
- адам саудасының құрбандарын қажетті көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну үшін тиісті ұйымдарға бағыттау;
- 2027-2029 жылдар кезеңінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалау;
- дағдарыс орталықтарының жұмысын қамтамасыз ету және олардың қызметі туралы халықтың хабардарлығын арттыру арқылы адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша делдалдардың қызметін бақылау;
- Қазақстан аумағындағы шетелдік жұмысшылар мен еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау, соның ішінде олардың заңгерлік және әлеуметтік көмек алуына жағдай жасау;
- еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелге шығатын Қазақстан азаматтарын еңбек қанауы мен адам саудасының алдын алу мақсатында есепке алу және бақылау;
- еңбек ету үшін шетелге шығатын Қазақстан азаматтарын консулдық есепке алу тетіктерін жетілдіру;
- құзыретті органдардың, омбудсмендердің, ғылыми қауымдастықтың, халықаралық, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен адам саудасы мәселесіне арналған халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
- бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен халықтың және тәуекел тобына жататын азаматтардың адам саудасы мәселесі туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу;
- телеарналар мен радиостанцияларда адам саудасына қарсы күрес жөніндегі әлеуметтік жарнамаларды орналастыру;
- сенім телефондары, жедел желілер және 102 нөмірі көрсетілген ақпараттық материалдарды (тақтайшалар, брошюралар, билбордтар, әлеуметтік бейнероликтер мен буклеттер) тарату;
- өңірлерде мобильді топтар арқылы адам саудасы мен еңбек қанауының алдын алу шараларын жүргізу;
- ішкі істер органдары қызметкерлерінің (жедел уәкілдер, тергеушілер, инспекторлар) және басқа да мамандардың адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша біліктілігін арттыру;
- адам саудасына қарсы күрес жөніндегі жаңартылған бейнемодуль әзірлеу.
Қаулы 2026 жылғы 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript