Теміртауда түнгі төбелес кезінде бір жігітке оқ тиген

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде түнде көшеде оқ атып, қарумен жүгіріп жүрген ер адамдардың видеосы тараған еді. Видео сипаттамасында бұл оқиғаның Теміртау қаласында болғаны айтылады. Бұл деректі ҚР ІІМ растап, аталған факті бойынша үш адамның ұсталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының ауруханасына оқ жарақатымен 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген болатын.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

"Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласының тұрғынына қатысты қару қолдану арқылы бұзақылық әрекет жасаған 27-31 жас аралығындағы үш адам ұсталды", делінген полиция хабарламасында.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа ақпарат тергеу құпиялылығына сәйкес жариялауға жатпайтыны ескертіледі.


Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады