Жаңаөзенде жалған ақпарат таратқан адам анықталып, жауапкершілікке тартылды

Сурет: gov.kz
Төтенше жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқан жаңаөзендік азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол әлеуметтік желіде "Жаңаөзенде жол жабылды" деп алаңдаушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқан. 

"Жаңаөзен полицейлері күдіктіні бірден анықтап, оны ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-бабының 3-бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қандай да бір жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", делінген жергілікті полиция хабарламасында. 

Айта кетсек, 6 сәуірде әлеуметтік желіде Жаңаөзеннің су тасқынына дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарап, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев мұны теріске шығарған.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады