Лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жедел штаб екібастұздықтарға мәлімдемемен жүгінді

Сурет: akorda.kz
Павлодар облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Екібастұз тұрғындарын алдағы іс-шара жайынан құлақтандырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 2024 жылы 12 сәуірде қалада сағат 09:15-тен 11:00-ге дейін "Maxi Mall" СОО-да (Әуезов көшесі, 47Б) оқу-жаттығу шараларын өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

"Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың лаңкестік көріністерге шұғыл ден қою жөніндегі күштері мен құралдарының іс-қимылдары пысықталатын болады. Сауда орталығының айналасында шектеу шаралары қарастырылған. Қала тұрғындарынан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз әрі тек ресми дерек көздерге сүйеніп, жалған ақпарат таратпауды сұраймыз", делінген хабарламада.

 6 сәуірде Астанадағы Mega Silk Way СОО-да да оқу-жаттығу өткізілген болатын. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты