Нұрлан Ағытаев та алаяқтар құрбаны болды

Сурет: gov.kz
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) бастығы Нұрлан Атығаев бүгін, 2024 жылы 27 сәуірде әріптестері мен достарына жүгініп, маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ТЖД-ның басшысы Instagram-дағы парақшасында үндеу жариялады.

"Құрметті әріптестер, достар! Менің атымнан алаяқтар ақша сұрап, хабарлама жолдауда. Мұндай хабарламаларға жауап бермеулеріңізді сұраймын. Өйтпеген жағдайда Сіздердің де мәліметтеріңізге қол жеткізу үшін телефон жадысын "бұзып кіруі" мүмкін", - деп жазды Нұрлан Атығаев.

2024 жылғы 11 сәуірде Олжас Бектеновтың атынан жалған хабарламалар тарап жатқаны белгілі болды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды да,  Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те осындай жағдайға тап болды. Кейінірек кейбір азаматтар Білім министрі Ғани Бейсембаевтан да хабар ала бастады.

Алматы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін