Түркістанда жол үстінде қауіпті маневр жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

Дрифт, Түркістан, Кентау, қауіпті маневр, жүргізуші, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 20:39 Сурет: polisia.kz
Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау барысында полицейлер тас жолда қауіпті маневр жасап, дрифт орындаған 18 жастағы жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары Кентау тас жолында Mercedes-Benz автокөлікпен қауіпті әрекеттерге барған жас жүргізушіні тоқтатып, тексеру жүргізді.

Тексеру кезінде көлікке дауыс күшейткіш құрылғысы орнатылғаны да анықталды.

Аталған деректер бойынша жүргізушіге заңнамаға сәйкес екі әкімшілік жаза қолданылды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: