Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды

Дрифт, Қарағанды облысы, көктайғақ, жүргізуші, жазалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2026 09:47 Сурет: pexels
Абай ауданына қарасты Топар елдімекенінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жол үстінде дрифт жасап, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған үш автокөлік анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

BMW және Volkswagen маркалы көліктерді басқарған 18 бен 21 жас аралығындағы үш жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық және маневр жасау қағидаларын бұзу деректері бойынша заң аясында шара қабылданды.

"Сот шешімімен оларға айыппұл салынды. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарға 23 тексеру жүргізді. Нәтижесінде жолдарды күтіп-ұстауға жауапты мекемелерге 16 ұйғарым беріліп, өз міндеттерін тиісінше орындамаған бес мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция жүргізушілерді ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жылдамдықты төмендетуге, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға және көлік дөңгелектерінің маусымға сай болуына шақырады".Қарағанды облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов

Айта кетсек, бүгіндері ауа райының қолайсыздығына байланысты өңір полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мәселен, арнайы шаралар аясында полиция қызметкерлері Қарағандыдан Алматы бағытына қарай бет алған, жазғы дөңгелекпен жүрген 30-дан астам автокөлікті тоқтатып, жүргізушілерін кері қайтарды.

Бұған дейін Жезқазғанда капоты ашық көлікті жүргізген жүргізуші жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: