Жезқазғанда капоты ашық көлікті жүргізген жүргізуші жауапқа тартылды
Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Сарыарқа көшесінде капоты ашық ВАЗ-21010 автокөлігін айдап бара жатқан жүргізушінің бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Сондай-ақ жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттің жол қозғалысына қатысушылар үшін аса қауіпті екені түсіндірілді.
Полиция жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін көлік алу үшін несиеге өтінім бергендердің басым бөлігіне банк неге сенбейтінін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript