Түркістан облысында той кортежіне ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 09:05 Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция Түркістан облысындағы бірнеше автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны туралы бейнежазбаны анықтады.

Тексеру кезінде анықталғаны, оқиға Сауран ауданында қыз ұзату тойы кезінде болған. Mercedes-benz, Toyotar және Nexia 5 автокөліктің жүргізушілері анықталды.

Көрсетілген көлік құралдары айыптұрағына қойылды.

Құқық бұзушылар авариялық жағдай жасағаны, жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ көлік құралдарына зақым келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция заң баршаға ортақ екенін ескертеді және жүргізушілер мен басқа жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, жол қателікті кешірмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: