Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қоғамдық тәртіп" іс-шарасының үш күнінде іздеуде жүрген 9 адам ұсталды.
"1 973 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Атап айтқанда: 58 ұсақ бұзақылық, 308 алкогольдік ішімдіктерді ішу, 227 тыныштықты бұзу, 166 кәмелетке толмағандардың кешкі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы, 401 тіркеусіз тұру және т.б.". Алматы қалалық ПД
Сондай-ақ, шаһар жолдарында мас күйінде болған 39 жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, жедел жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында 10-20 мамыр аралығында Алматы қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.