Шымкент қаласы әкімдігі заңсыз қызмет бойынша мемлекеттік тендер жариялаған

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте аудан әкімінің орынбасары мемлекеттік сатып алулар жариялап, заңсыз жұмыстар жүргізгені үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының талдауының нәтижесінде су ұңғымаларын рұқсатсыз бұрғылау бойынша жұмыстар жүргізу фактілері, сондай-ақ олардың орындалуын уәкілетті органдардың және жобалық-сметалық құжаттамамен үйлестірудің жоқтығын анықтады. Ал рұқсат беру рәсімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті болып табылады.

"Осылайша, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты бес көшеге су ұңғымасын бұрғылау, жер-қойнауын және жер асты суларын заңсыз пайдалануды жою бойынша жұмыстарды заңсыз жүргізуге рұқсат берген", делінен Шымкент қалалық прокуратурасының хабарламасында.

Қадағалау актісі бойынша Қаратау ауданы әкімінің орынбасарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 360-бабының 2-бөлігі (Су қорғау аймақтарында және су обьектілері белдеулерінде заңсыз құрылыс салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту) бойынша хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 73 840 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.


 

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты