Ескерту! Алаяқтар Антикор атынан да қоңырау шала бастапты

Сурет: pixabay
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан жалған қоңырау шалатындар табылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы жалған аккаунттар құрып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайтын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді, делінген Антикор хабарламасында.

Осыған байланысты ел азаматтарын аталған агенттік жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырады.

"Осындай жағдайларға кездескен кезде, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", делінген хабарламада.


Қазақстан
Антикор
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр