Қызды ұрып, жігітті көлікпен қаққан: Алматы полициясы жолдағы жанжал фактісін тіркеді

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Toyota Camry жүргізушісі жігітті қағып, капотына ілінген оны Алатау даңғылы бойымен әкетіп бара жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, болған жайтқа қыз түрткі. Жүргізуші бойжеткенді ұрып-соғып, көлікке салған. Жігіт оны қорғауға шешім қабылдап, ақырында көліктің капотынан бір-ақ шыққан. 

Zakon.kz редакциясы ресми сауалмен полицияға жүгінді.

"Жолдағы жанжал фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Оқиғаға қатысушылардың іс-әрекеттеріне алда құқықтық баға берілетін болады". Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігінің астына түсіп, мерт болды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме