Ақтөбе облысында кәсіпкерлерге негізсіз кедергі келтірген шенеуніктер жазаланды

Сурет: unsplash
Ақтөбе облысы прокуратурасы 40-тан астам кәсіпкердің жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзарту туралы өтініштерін қарауды негізсіз кешіктіруге байланысты бизнестің жүйелі проблемасын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, "Демеу Проект" ЖШС-гі жергілікті атқарушы органға жер телімін жалға беру мерзімін ұзарту туралы өтініш берген, ал Алға ауданы әкімдігі бұл мәселені бір айдан кейін ғана жер комиссиясының қарауына жолдаған.

 "Ал, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті қабылдау қағидаларының 4 және 6-тармақтарына сәйкес, жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзарту мәселесі 7 күн ішінде және жер комиссиясының шешімінсіз қаралады", делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы прокуратурасының араласуынан кейін 40-тан астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, әкімдікте жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзарту мәселесі заңда белгіленген мерзімде қаралды.

Қазіргі таңда, прокурорлық қадағалау шаралары арқылы бұл тәжірибе жойылып, лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны да нақтыланады.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін