Павлодарда сот орындаушылары алимент бойынша берешектер сомасын төмендетіп көрсеткен

Сурет: Zakon.kz
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодардағы департаменті жеке сот орындаушыларының қызметін тексеруде алимент бойынша берешек сомасын жасанды түрде төмендету бөлігінде 500 млн теңгеден астам сомаға бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта алимент бойынша берешек 4 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Сонымен бірге, жүргізілген тексеру барысында жеке сот орындаушылары елден шығуға, нотариаттық іс-әрекетке тыйым салмағаны, алимент бойынша жалпы сомасы 352 млн. теңгеден астам берешек болған кезде мүлікке тыйым салмағаны анықталды, бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарына кері әсер етті. 

"Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша 5 ЖСО әкімшілік, 22 ЖСО тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 1 ЖСО лицензиясынан айырылды, сондай-ақ, ЖСО қызметін үйлестіруге жауапты облыстың Әділет департаменті бөлімінің басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды".  Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Мемлекеттік статистикалық есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз ету мәселесі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басым міндеті болып табылады және тұрақты бақылауда.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма