"Еден қан-жоса". Атырауда ер адам сот залында өзін өлтірмек болды

Сурет: Zakon.kz
Өткен жұмада, 31 мамырда облыстық сот залында 40 жастағы ер адам қағаз кесуге арналған пышақпен тамырларын кескен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті БАҚ - azh.kz ер адамның мұндай оқыс әрекетті ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы ("Көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару") бойынша 1,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде үкім шығарған сот шешімімен келіспеу белгісі ретінде жасағанын жазады.

Басылым бұл қала тұрғынының алғашқы соты еместігін жазады, ол бұрын ҚР ҚК 389-бабы ("Өзін-өзі ұстай алмау") бойынша сотталған.

Әртүрлі ақпарат көздерінде жарияланған видеодан сот залында қан боп жатқан еден мен қабырғаға сүйеніп отырған шарасыз ер адамды көруге болады. Оның айналасына жиналып қалған адамдар оған басу айтуда, ал ол өзіне көмекке келгендерге бірдеңені түсіндіруге тырысып жатыр. 

"Мен шаршадым, қайта-қайта түрмеге түсемін. Шыққаныма бір жарым ай ғана болды. Ешқандай әділетсіздік жоқ, өзімді өлтіре саламын", – деп журналистер оның сөзін келтіреді.

Ер адам бастапқыда полиция қызметкерлерін өзіне жақындатпай қойған, содан кейін облыстық ауруханаға жеткізілген, ал медициналық көмектен соң ол тергеу изоляторына қамалды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы