"Қазақмыс" Қырғызстан іздеу жариялаған өз топ-менеджерлеріне қатысты түсініктеме берді

Сурет: kazakhmys.kz
"Қазақмыс" холдингі бүгін, 2024 жылғы 5 маусымда "Kazakhmys Holding" ЖШС-ның топ-менеджері және "Алтын Алмас", "Қаражыра" компаниялар тобының акционері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қазақстан кәсіпкері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын. Қырғызстан ҰҚМК мәліметінше, Владимир Жұмабаевтың "Ағайындылар ордасы" халықаралық қылмыстық тобының құрамына енетін, қылмыс әлемінің серкесі Қамшыбек Асанбек (Көлбаев) басшылық ететін ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру фактілері анықталған.

Бүгін холдингтегілер "Kazakhmys Holding" ЖШС-ның топ-менеджері Владимир Жұманбаевтың ҰҚМК хабарламасында көрсетілген құрылымдарға қатысы жоқ екенін хабарлады. 

"Қазіргі уақытта Жұманбаев еңбек демалысында. Ол құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген жоқ және тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Бұған қоса "Қазақмыс", "Алтын Алмас" және "Қаражыра" компаниялар тобына Қырғызстанның сотқа дейінгі тергеу органдарынан ресми өтініштер келіп түскен жоқ". "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметі

Сондай-ақ баспасөз қызметі компаниялар тобы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және өз қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға дайын екенін нақтылайды.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін