Әскери бөлімді тастай қашқан қарулы сарбаз екі қылмысқа барған

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде әскери орыннан қашқан бозбала сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында өзіне сеніп тапсырылған қарумен әскери қызметін тастап қашу, автокөлікті айдап кету және қарақшылық жасау фактілері бойынша айыпталған қатардағы жауынгерге қатысты үкім жарияланды.

"Сотта сотталушы, қатардағы жауынгер М. әскери қызметтің ауыртпалығына төтеп бере алмай, өзіне сеніп тапсырылған қызметтік қарумен әскери қызмет орнынан қашып кеткені анықталды. Әрі қарай, өз еркімен бөлімнен қашу кезінде ол жол жиегіндегі жәбірленуші А-ның басқаруындағы автокөлікті көріп, өзіне сеніп тапсырылған қарумен оны қорқытып, өзі айтқан бағытта жүруді талап еткен. Айтқан жеріне келгеннен кейін, сотталушы М. жәбірленушінің сыртқы киімін иемденіп, қылмыс орнынан бой тасалаған", деп хабарлайды Әскери соттың баспасөз қызметі.

Оқиға орын алған күні сағат 13.00 шамасында қатардағы жауынгер М-ны әскери полиция қызметкерлері ұстады.

Сот үкімімен қатардағы жауынгер М. ҚР ҚК-нің 442-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 1-бөлігі, 200-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар сотталғаннан іс жүргізу шығындары және жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі