Судья қандай жағдайда Бишімбаев пен Байжановтың жазасы өзгертілуі мүмкін екенін түсіндірді

Сурет: Zakon.kz
БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі судья-үйлестіруші Алма Есімова 26 маусымда өткен баспасөз мәслихатында Астанадағы апелляциялық сот отырысында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты алдында шығарылған сот үкімі неге өзгеріссіз қалдырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкімді алқабилер алқасы қабылдағанын еске салды.

"Үкімді, оның ішінде жазалау мәселесін алқабилер талқылап, ортақ шешім қабылдады. Сондықтан апелляциялық тәртіпте мұндай үкім шектеулі негіздер бойынша ғана қайта қаралуы мүмкін. Сондықтан, бұл жерде үкімнің күшін жою немесе өзгертуді қажет ететін процедуралық бұзушылықтар болған жағдайда ғана мәселе қайта қаралуы мүмкін. Апелляциялық саты мұндай бұзушылықтарды анықтамағандықтан, үкім, оның ішінде жазаны қайта қарастыру мүмкін емес", деп сөзін толықтырды Алма Есімова.

2024 жылғы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

27 мамырда елордалық қалалық сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың істері бойынша бірінші сатыдағы сот үкіміне апелляциялық шағымдар келіп түсті

2024 жылғы 26 маусымда Астанада өткен апелляциялық сот отырысы барысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев пен оның немере ағасы Бақытжан Байжановқа қатысты алдында шыққан үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді