Бишімбаев пен Байжановтың істері бойынша аппеляциялық сот отырысы: Нүкенованың ағасы сотта сөз алды
Айтбек Амангелді бірінші кезекте адвокат Ерлан Ғазымжановтың бірінші сатыдағы сот шеңберінде қылмыстық істі қарау кезіндегі бұзушылықтар туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.
"Іс жүзінде ҚІЖК бұзушылықтарының көпшілігі оның тарапынан орын алды. Судья Құлбаева ҚІЖК дегенге тікелей түсініктеме беріп, оның Қазақстанда қалай жұмыс істейтінін тәмпіштеп тұрып айтып берді. Оның үстіне, адвокаттар Құсайынова мен Рамазанова сот отырысына кешігіп келгенде, Ғазымжанов судьядан бас тартты, бұл да процессуалдық бұзушылық болады", – деп толықтырды сөзін Салтанат Нүкенованың ағасы.
Оның айтуынша, заң бұзушылықтарға Бишімбаевтың адвокаттары да жол берген.
"Адвокат Құсайынова өз кезегінде сот аясында да бірнеше бұзушылықтар жасады. Басында ол сотты іс материалдарынан алынған үлкейтілген фотосуреттерді көрсетеміз деп жаңылыстырды, бірақ олар кейіннен тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін өздері тапқан фотосуреттерді көрсетті. Бұл фотосуреттер қылмыстық істе тіркелмеген. Ал егер Рамазанованың мәлімдемесіне келетін болсақ, ағымдағы сот ҚІЖК баптарын бұзуды қарастырады, яғни бұл сот процесіне TikTok қалай қарайды деп емес", - деді Айтбек Амангелді.
Сондай-ақ ол тараптардың ешқайсысы сот отырыстары трансляциясына қарсы болмағанын, іс көп алдында қаралғанын еске салды. Сондықтан бұл жағдайдың қандай да бір теріс әсері болуы мүмкін деп айтуға кеш.
"Өз кезегімде менің барлық өкілімді қолдаймын және алдында шығарылған Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдыруды, ал апелляциялық шағымды қанағаттандырмауды сұраймын", – деп сөзін түйіндеді Амангелді.
Бұған дейін адвокат Ерлан Ғазымжанов қорғаушы тарапының ұстанымын жариялаған. Оның пікірінше, бірінші сатыдағы сот бұзушылықтарға жол берген.
2024 жылғы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
27 мамырда елордалық қалалық сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың істері бойынша бірінші сатыдағы сот үкіміне апелляциялық шағымдар келіп түсті.