Аида Балаеваның атынан да жалған хабарламалар тарай бастаған

Сурет: pexels
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мұндай хабарламалар алаяқтардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді. Сіздерден абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет ету ұсынылады:

Айта кетсек, 17 маусымда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде ведомство төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан жалған аккаунттар ашып, хабарлама таратып жатқан алаяқтар барын ескерткен болатын.


Қазақстан
Балаева Аида
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді